Мұрын бітелуінің туындау себептері:

Егер мұрынның шырышты қабығының қорғаныс механизмі бұзылса, ол өзінің бөгеттік функциясын атқаруын тоқтатады, инфекция түсу қаупі жоғарылайды. Вирустар, бактериялар немесе аллергендер мұрын қуысына оңай өтеді және мұрынның шырышты қабығының қабынуы мен сінуін тудыруы мүмкін. Келесі симптомдар туындайды:

  • мұрынның қышынуы
  • түшкіру
  • мұрыннан бөліністер (алдымен сулы, бірнеше күннен соң – қоюырақ)
  • мұрынның бітелуі

Мұрынның шырышты қабығын, және сәйкесінше, оның бөгетік функцияларын қалпына келтіру үшін қосымша, жұмсартатын компоненттері бар, мысалы, декспантенол қосылған мұрынға арналған деконгестанттарды пайдалану тиімді. Ол тері мен шырышты қабықтағы ылғал мөлшерін арттырады. Бұл қабынудан кейінгі жазылу үдерісіне оң әсер беру үшін маңызды алғышарт.

Ринит дегеніміз не?

Ринит – мұрын ішіндегі шырышты қабықтың тітіркенуі мен қабынуын білдіретін медициналық термин, ол келесі симптомдардың кемінде екеуімен қатар жүреді: мұрынның бітелуі (обструкциясы), мұрыннан бөліністер (ринорея), түшкіру, мұрынның қышынуы. Риниттер, негізінен, вирустардан, бактериялардан, тітіркендіргіштерден немесе аллергендерден туындайды.

Риниттің негізгі түрлері төмендегідей бөлінеді:

  1. Инфекциялық ринит  
  2. Вазомоторлық (аллергиялық  емес) ринит
  3. Аллергиялық ринит

Риниттің негізгі себептернің бірі шырышты қабықтың физиологиялық жұмысының бұзылуы болып табылады.

Мұрынның шырышты қабығының құрғауы (ауа ылғалдылығының төмендігіне, ауанң ластануына, инфекцияларға және т.б. байланысты) мұрынның қорғаныс функциясының төмендеуіне ықпал етеді, соның нәтижесінде мұрынның шырышты қабығының қабынуы дамуы мүмкін. Мұның барлығы құрғақ бөліністердің түзілуіне алып келеді, олар қалыпты тыныс алуға, және шырыш жинақталуына кедергі келтіреді.

Алғашқы бірнеше күн ішінде мұрында сулы бөліністер түзіледі. Кейінірек, олар қоюырақ және күңгірттеу бола береді. Егер алғашқы симптомдарын (мұрын бітелуі, қосалқыларының бітелуі, бас ауыруы, инфекциялардың дамуы мүмкіндігінің жоғарылауы және  т.б.) емдеу қате жүргізілсе, онда олар өршуі мүмкін, және нәтижесінде ауырырақ ауру дамуы мүмкін. Мұрын обструкциясының нәтижесінде инфекция құлақ пен басқа тіндерге таралуы мүмкін.

SmPC SeptaNazal, 2 Antienna Wollina U, Nissen H-P, Kubicki J. Antientzündliche Wirkungen von Dexpanthenol. Akt Dermatol 2004; 30: 478-82. 3 Klöcker N, Rudolph P, Verse T. Evaluation of Protective and Therapeutic Effects of Dexpanthenol on Nasal Decongestants and Preservatives: Results of Cytotoxic Studies In Vitro. Ame J of Rhinology, 2004; 18 (5): 315-20.

Астафьева Н.Г., Кобзев Д.Ю., Гамова И.В., Перфилова И.А., Удовиченко Е.Н., Скучаева Л.В., Михайлова И.Э. Многоликий ринит: современный взгляд на диагностику и алгоритм лечения. Лечащий Врач. 2018;(4):7

Қолданар алдында медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өз бетіңізше емделу сіздің денсаулығыңыз үшін зиянды болуы мүмкін.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto

Ересектерге арналған Септназал® – ТІРКЕУ КУӘЛІГІ РК-ЛС-5№021105
Балаларға арналған Септаназал® – ТІРКЕУ КУӘЛІГІ РК-ЛС-5№021104