Балалардың мұрны туралы толығырақ

Бала мұрнының анатомиялық құрылымы ересек адамның мұрнынан өзгеше. Мұрынжұтқыншақты ортаңғы құлақпен жалғайтын Евстахиев түтігі балалар мен сәбилерде қысқарақ және ересектердегіге қарағанда көлденеңірек орналасқан. Мұндай құрылымы мұрын бітелуінің жылдамырақ туындауына ықпал етеді, ол ортаңғы құлақтың инфекциясына алып келуі мүмкін.

Мұрынның шырышты қабығы организмді қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан қорғайтын алғашқы бөгет болып табылады. Шырышты қабық деммен тартылған ауаны жылыту мен ылғалдандырудан бөлек, ол біздің организмімізді түрлі патогендерден (вирустардан, бактериялардан, аллергендерден) қорғайды. Бұл үдерісте жетекші рөлді мукоцилиарлық клиренс – мұрынның шырышты қабығының патогендер шөгіндісінен өздігінен тазару үдерісі атқарады.

Балалардың мұрнының шырышты қабығы құрылымының ерекшеліктеріне байланысты, бұл қорғаныс механизмі кішкентай балаларда айтарлықтай жетілмейді. Кішкентай балалардың мұрын қуысы кішкентай болатындықтан, мұрын жолдары тар және шырышты қабығында қан жүретін тамырлар көп болады. Сонымен қатар, түзілетін шырыш айтарлықтай қою болады және көбінесе мұрын жолдарын бітеп тастайды, соның салдарынан тұмаурату пайда болады.

Тұмуратқан кезде, мұрын бітелуі жиі туындайды, ол баланың тыныс алуына кедергі келтіреді, оның ұйқысын бұзады және өмір сапасына ықпалын тигізеді. Балалар мұрынмен тыныс алуының қиындауына байланысы, аузымен демала бастайды, оларда енген ауаның жылытылуы бұзылады және суық тию ауруларына бейімділігі артады.

Бұл жағдайда, жай-күйді жеңілдету үшін тамшылар не болмаса спрейлер түріндегі, тамырды тарылтатын препараттар – деконгестанттар қолданылады, олар мұрын бітелуін басады және мұрынды ашады. Көбінесе олардың құрамында бір компонент, мысалы, нафазолин немесе ксилометазолин болады. Өкінішке орай, олардың мұрынның құрғауы түріндегі жағымсыз салдарлары бар, сонымен қатар ол шырышты қабықтың қорғағыштық қасиеттерін әлсіретеді. Сондықтан, қосымша емдейтін қасиеттері бар екі компонентті спрейлер өте жақсы шешім болуы мүмкін.

Балалардағы ринитпен күресу үшін мұрынға арналған екі компонентті спрейдің бір мысалы балаларға арналған Септаназал болып табылады.

Бұл препараттың құрамында 2 белсенді компонент бар:

  • Мұрынмен тыныс алуды жеңілдететін ксилометазолин гидрохлориді.
  • Мұрынның шырышты қабығын қалпына келтіретін және ылғалдандыратын декспантенол.
  1. Рихельманн Г., Лопатин А.С. Мукоцилиарный транспорт: экспериментальная и клиническая оценка. Рос. ринология. 1994; 4: 33–47.
  2. Петров В.В., Молдавская А.А., Аведисян В.Э. Морфогенез слизистой оболочки полости носа человека в раннем постнатальном онтогенезе и его клинические аспекты. Астрахань: Издательство АГМА, 2007.
  3. Пискунов Г.З., Пискунов С.З. Клиническая ринология. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007: 800 c.
    Sleigh MA, Blake JR, Liron N. The propulsion of mucus by cilia. Am. Rev. Respir. Dis. 1988; 137: 726–741.
  4. Гордеев В.И., Александрович Ю.С., Паршин Е.В. Респираторная поддержка у детей : руководство для врачей. СПб. : ЭЛБИ-СПб, 2009.
  5. Автор. Ю. Ю. Елисеева . Детские болезни. Полный справочник 2008 г.

Балаларға арналған мұрын спрейі

2+ балаларға арналған Септаназал®

  • тамырды тарылтатын компоненттің концентрациясы азайтылған
  • құрамында декспантенол бар

Қолданар алдында медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өз бетіңізше емделу сіздің денсаулығыңыз үшін зиянды болуы мүмкін.

Барлық құқықтар қорғалған. Krka, tovarna zdravil, d. d., Novo mesto

Ересектерге арналған Септназал® – ТІРКЕУ КУӘЛІГІ РК-ЛС-5№021105
Балаларға арналған Септаназал® – ТІРКЕУ КУӘЛІГІ РК-ЛС-5№021104